Азық-түлік алуға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді

1339

Бағаны қымбаттатқандар жауапқа тартылады.

Азық-түлік алуға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда да азық-түлік тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік алуға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. 
Нан туралы айтсақ, 6 мың тонна ұн сатып алдық. Картоп, жуа, сәбіз және жарма жеткілікті", – деді қала әкімі.

Оның сөзінше, әкімдік пен уәкілетті министрлік азық-түліктің шекті бағасын белгілеген. Бағаны қымбаттатқандар жауапқа тартылады.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір маусымаралық кезең өтіп жатыр. Кімде-кім немесе қандай да бір дүкен белгілеген бағаны көтерсе, тиісті тұлғалар жауапқа тартылады", – деді Алтай Көлгінов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу