Азық-түлік бағалары өзгерді ме?

226

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді.   

Азық-түлік бағалары өзгерді ме? Фото: GOV.KZ

ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  • Сұйық май: елде жыл басынан  сұйық майдың бағасы 15%  арзандаған. Былтыр тамызда сұйық майдың 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.
  • Пияз: пияз бағасы  былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.
  • Қырыққабат: қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.
  • Қант: былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.
  • Сәбіз: сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.
  • Қарақұмық жармасы: қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.
  • Бидай ұны: бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі  2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.

1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу