Азық-түлік бағасы 0,2%-ға төмендеді

1161

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Азық-түлік бағасы 0,2%-ға төмендеді

"Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді. Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады.

Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты. Форвардтық сатып алу қорытындысы бойынша 2021 жылы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 572 мың тонна астық, оның ішінде 539 мың тонна бидай сатып алды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі нарыққа 475 мың тонна бидай жіберу жоспарланып отыр", – деп хабарланған ресми ақпарда. 

Үкімет басшысы барлық қолданыстағы құралдарды қолдана отырып, барынша бақылауды қамтамасыз етуді тапсырған.

"Мереке күндері тауарлардың жасанды тапшылығына жол беруге болмайды", – деді А. Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу