Азық-түлік бағасы 7 пайызға қымбаттаған

748

 Азық-түлік бағасы 7 пайызға қымбаттаған

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасы 7 пайызға дейін қымбаттаған. Осылайша, бұл көрсеткіш инфляция деңгейінен екі есе асып кеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Әсіресе баға көкөністе көтеріліп отыр. Мәселен, пияз - 81 пайызға, картоп 74,9, сәбіз - 38,1, ал сиыр еті 10,7 пайызға өсім көрсеткен. Жергілікті әкімдіктер бағаның өскенін Өзбекстаннан тасымалданатын өнімнің артуымен түсіндіріп отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов болса әкімдіктер өткен жылдың өнімінен тұрақтандыру қорларына азық-түлікті көптеп сатып алғанда мұндай жағдай туындамас еді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу