Азық-түлік бағасы 8,4 пайызға өскен

971

Азық-түлік бағасы 8,4 пайызға өскен

ҚР ҰЭМ статистика комитеті мәліметі бойынша, 2017 жылдың қазан айында азық-түлік тауарының бағасы өткен жылдың қазанымен салыстырғанда 8,4%-ға өсті. Баға жемістер мен көкөністерге - 15,1%, кондитерлік өнімдерге - 12%, ішімдіктерге - 10,8%, сүт өнімдеріне - 10,5%, кофе, шай және какаоға - 9,4%, балық және теңіз өнімдеріне - 9,3%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 8,6%, нанға - 3,1%, макарон өнімдеріне - 2,5%, ұнға 2,4%-ға жоғарылады. 
Ал қантқа - 14,7%, жармаларға - 11,3%-ға төмендеген.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,2%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 14,4%, қой етіне - 13,5%, шошқа етіне - 10,3%, жылқы етіне - 8,8%, құс етіне - 8,5%, шұжық өнімдеріне 6,7%-ға жоғары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу