Азық-түлік бағасы 9,9%-ға қымбаттады

731

Үкімет отырысында сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев соңғы 2 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы 0,5%-ға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түлік бағасы 9,9%-ға қымбаттады

Ержан Қазанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 9,9%-ға қымбаттады. Ішкі нарықта отандық өнімнің көбеюіне байланысты соңғы 2 аптада баға 0,5%-ға арзандады.

"Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34%-ға немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41%-ға немесе 122 теңгеге төмендеді. Қырыққабат 0,4%-ға, пияз 0,1%-ға арзандады", – деді вице-министр.

Ержан Қазанбаевтың сөзінше, қымбатшылық Түркістан облысын қыспаққа алған. Мұнда баға 11,6%-ға шарықтаған. Қызылорда облысында өсім –  11,3%, Қостанай облысында – 11,3% болып тіркелген.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу