Азық-түлік бағасы арзандай ма? Үкімет не істеп жатыр?

1442

Депутат Жамалов дүкенге кіріп, қатты шошып кеткен сияқты. Ондағы бағаларды көріп есі шығып кеткендей. "Қарақұмық жармасын қарақұмық уылдырығы деп, ал тауықтың жұмыртқасын "Фаберже жұмыртқасы" деп атауға болатындай" дейді. Бұл ретте халық қалаулысы тауарлардың удай қымбат екенін меңзеп тұр.

Азық-түлік бағасы арзандай ма? Үкімет не істеп жатыр?

Енді қайтпек керек? Азық-түлік бағасы арзандай ма? Ол мүмкін бе?

Үкімет те құр жатқан жоққа ұқсайды. Тиісті шараларды мықтап қолға алған көрінеді. Сауда комитетіндегілердің айтуынша, "нарықтық тетіктерді қолдану арқылы бағаны тұрақтандыру және тауар өндірушілерді қолдау арқылы бағаны төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде".

Осыған байланысты, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, оның ішінде ерте пісетін көкөністер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндіру үшін "Кең дала" бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен фермерлерге 140 млрд теңгеге дейін жеңілдікпен кредит беруді ұлғайту пысықталуда. Бұл қаржы қалай үлестіріледі? Бүгінде ауыл шаруашылығын қолдау тетіктері қандай? Дастарқанын етсіз елестете алмайтын қазақ мал өнімін неге қымбатқа сатып алуда? Жалпы ішім-жем, халық көп тұтынатын тауарлар қашан арзандайды?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу