Азық-түлік бағасы аспандап тұр

706

Атырау облысында әлеуметтік бағаны тұрақты ұстауға тырысуда. Облыста әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға назар аударылған. Әзірге әлеуметтік нан бағасы 90 теңгеден, ұн 145 теңгеден сатылып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Азық-түлік бағасы аспандап тұр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау мақсатында күні бүгінге дейін кәсіпкерлер, тауар өндірушілер және ірі сауда орындары арасында 207 меморандум жасақталған. Апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары мен қорына мониторинг жүргізіліп, олардың халыққа қолжетімді болуы назарда ұсталады.

"Әлеуметтік нан мен ұн бағасын тұрақты ұстау бағытындағы үш жақты меморандумға сәйкес, өңірімізге бөлінген 16 мың тонна бидайдың, облысқа ұн тарту мекемесі "Карат" ЖШС арқылы 10000 тоннасы тасымалданды. Меморандум негізінде әлеуметтік нан бағасы 90 теңге, 1 сұрыпты ұн бағасы 145 теңгеден сатылуда", - дейді А.Саламат. 

Сондай-ақ күзгі жиын-терім кезінде жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерін көпшілікке тиімді бағамен ұсыну мақсатында 227 тегін сауда нүктелері беріліп отыр. Аталған басқарма дерегіне сәйкес, облыс бойынша биыл егістіктің жалпы көлемі 9 469 гектарды құрайды, қазіргі кезде барлығы 6 292 гектар егін  алқабы  жиналып, жалпы жұмыстың 66,4 пайызы орындалған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу