Азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

574

Қыркүйектің үш аптасында баға 0,3%-ға арзандады.

Азық-түлік бағасы қалай өзгерді? Фото: inbusiness.kz

Биылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы айдың басымен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді. Аса маңызды тауарлар жыл басындағы бағалармен салыстырсақ 3,2%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Айдың басынан бастап ұн, рожки, қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант және тұз арзандады. Бұл ретте күріш, май, сиыр еті, тауық еті, сүт, сүзбе және жұмыртқа қымбаттаса, нан мен айран бағасы өзгермеген.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлар бағасы бір айда өзгерген жоқ, жыл басына қарағанда олар 5,9%-ға, ал 2022 жылдың тамызына қарай 12,4%-ға өсті.

20 өңірдің 9-ында айлық динамикада баға өскен, 3 өңірде сол деңгейде қалды, ал 8 өңірде баға төмендеді. Бағаның ең жоғары айлық өсімі Ақмола облысында (0,9%-ға), ең жоғары айлық төмендеу Ақтөбе облысында (0,8%-ға) тіркелді.

Жыл басынан бері ең жоғары қымбаттау Ұлытау облысында (+9,2%) байқалды, ең аз қымбаттаған өңір – Шымкент (+3,1%).

Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Астанада тіркелді: 16,2%-ға. Антилидерлер үштігіне Ұлытау және Қызылорда облыстары енді. Ең аз жылдық қымбаттау Шымкентте: 9,7%-ға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу