Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша ахуалға облыстағы монополияға қарсы мекеме араласпақ, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Бұл туралы ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев қоғамдық кеңес отырысында мәлім етті.
"Біз облыс орталығы мен Семейдегі халық тұтынатын тауарларды жеткізетін ірі компаниялармен келіссөздер жүргіздік, – дейді мекеме басшысы. – Оларға бағаны асыра көтермеу туралы ескерттік, мысалы, 220 теңгеден сатып алынған тауар 230-дан берілсін. Егер келіспесе, шара қолданамыз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы барлық қажетті тауарды өзіміз сатып алатын боламыз. Олар келісіп отыр", - дейді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу