Азық-түлік бағасы наурыз айында күрт арзандады – БҰҰ

1561

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл-шаруашылығы жөніндегі ұйымының (FAO) азық-түлік бағаларының индексі 4,3 пунктке қысқарып, 172,2 пунктке жеткен. 

Азық-түлік бағасы наурыз айында күрт арзандады – БҰҰ

Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус пандемиясының кесірінен сұраныстың азаюы мен мұнай құнының арзандауы наурыз айында әлемдік азық-түлік бағасының күрт төмендеуіне әкеліп соққан. БҰҰ-ның азық-түлік агенттігі жариялаған дерек осындай, деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл-шаруашылығы жөніндегі ұйымының (FAO) азық-түлік бағаларының индексі 4,3 пунктке қысқарып, 172,2 пунктке жеткен. FAO-ның бас экономисі Абдулриза Аббасиан: "Бұған әсер етіп отырған ұсыным емес, сұраныстың азаюы. Өйткені сұраныстың күрт қысқаруына қазіргі экономикалық ахуал түрткі", – деді ол өз сөзінде. 

Агенттіктің қант индексі ақпан айынан бері 12 пайызға қысқарған. Бұған көп елдердегі оқшаулану салдарынан сұраныстың кемуі және этанол өндірушілерінің осы өнімге деген сұранысының азаюы себеп болып отыр. 

Өсімдік майының индексі наурызда 12 пайызға, сүт өнімдерінікі 3 пайызға, астық өнімдерінің индексі 1,9 пайызға, ет индексі 0,6 пайызға кеміген. Бұған да әсер етіп отырған – коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу барысында қабылданған шаралар. Бірақ күрішке деген сұраныс көбейгендіктен, оның индексі өскен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу