Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 2022 жылы 490 хаттама толтырылды, оның ішінде 310 хаттама үстеме баға қосу бойынша. 2023 жылы 1 008 хаттама толтырылды, оның ішінде 760 хаттама сауда үстеме баға қосуға қатысты. Жыл басынан бері бағаны қолдан өсіргені үшін 4 384 кәсіпкер жауапқа тартылды, – деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек Сауда комитеті жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын көтерген 691 кәсіпкерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
– Қазір Сауда комитетінде тағы 79 материал қаралып жатыр, – дейді ол.