Азық-түлік бағасын өсіргендерге жаза күшейеді

183

Сатушы өндірушіден алған тауар бағасына тек 15 пайыз қосуы керек.

Азық-түлік бағасын өсіргендерге жаза күшейеді Фото: www.gov.kz

Әлеуметтік азық-түлік бағасы күн өткен сайын қымбаттап жатыр. Мұндай наразылықты жұрт жиі айтатын болған. Сауда министрлігі мұны жоққа шығармайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бір ғана статистика, өткен жылы бағаны ретсіз өсіргендерге қатысты 760 әкімшілік хаттама толтырылса, биыл бұл көрсеткіш 4 жарым есеге өсіп, 2800-ге жеткен. Тіпті, өндірушіден сатып алған бағаға 70-80 пайыз үстемақы қосқандар бар екен. Бұл халықтың қалтасын қағатыны белгілі. Енді жауаптылар заңға бағынбайтындарға қатысты жазаны күшейтпекші. Онда бұдан былай саудагерлерге ескерту болмайды, бірден айыппұл салынады делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу