"Баға мониторингінің бірыңғай платформасын әзірлеу жөніндегі сіздің тапсырмаңызды орындау үшін тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нарықтық және ведомстволық мәліметтерді қоса алғанда, әртүрлі деректерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ақпарат ауқымын жинау және талдамалық өңдеу үшін eprice.gov.kz платформасы әзірленді. Оның мақсаты – факторларды анықтау және бүкіл тізбектегі тауарлардың қозғалысы мен бағасының тенденциясын қалыптастыру", – деді Бақыт Сұлтанов.
Министрдің мәлімдеуінше, қазір құрылған сайт ұлттық статистика бюросымен, мемлекеттік кірістер комитетімен және басқа мемлекеттік органдарымен дерек алмасып жатыр.
Қанат Махамбет