Азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Азат Сұлтанов

117

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.  

Азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Азат Сұлтанов Фото: gov.kz

Кейбір көкөніс түрлері бағасының өсуі маусымдық уақытша сипатқа ие, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Серік Жұманғаринмен әр аптада әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауларларының баға өсіміне қатысты жиналыс өткіземіз. Айталық, өткен апта қорытындысында өсім не бәрі 0,2 пайызды құрады. Ең басты фактор – бұл маусымдық. Көкөністер топтамасында сақтау және басқа да шығындар бар. Олар түптеп келгенде бағаға әсерін тигізеді. Бұған қоса, азық-түлік инфляциясына қатысты айтқан кезде әлеуметтіе маңыз бар азық-түлік тауарлары мен азық-түлік бауарлары бағасының ара-жігіт ажырату қажет, – деп мәлімдеді вице-министр Үкімет отырысынан соң.

Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауларлардың бағасы 0,6 пайызға өсті. Ал қырыққабат, картоп және қызанақ бағасының көтерілуі маусымдық сипатқа ие.

– Нан бағасы кейбір өңірде 0,4 пайызға, ұн 0,3 пацйызға қымбаттады. Мұнда да маусымдық фактор әсер етіп отыр. Астық жиналғаннан кейін бидай әдетте экспортқа шығарылып, ішкі бағаға әсерін тигізеді. Көршілермен қарағанда астық бағасы тоннасына 10 мың теңгеге өсті. Мұның бәрі бағаның артуына алып келеді. Бірақ, біз бағаның күрт өсуіне жол бермейміз. Себептері анықталып жатыр. Әр кәсіпорынмен жұмыс істелініп жатыр. Егер бағаның көтерілуінің объективті себептері болса, онда кәсіпорынға еш шара қолданылмайды. Сауда сөрелердегі бағаның делдалдық тізбектер салдарынан көтерілгені аталып өтуде. Мұндай жайтта қатаң шаралар қабылданады, – деді Азат Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу