Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген басшылар қызметінен кетеді

1525

Өзіміз егіп, жинап шығаратын бидай мен ұнды тұрақтандыру мүмкін болмай тұр. 

Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген басшылар қызметінен кетеді

Кеше Ақмола облысына барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді. Оған әлеуметтік маңызға ие тауарлар бағасының инфляцияны басып озғаны себеп. Бірқатар азық-түліктің құны тіпті екі есеге өскен. Атап айтқанда өзіміз егіп, жинап шығаратын бидай мен ұнды тұрақтандыру мүмкін болмай тұр.

Мемлекет басшысының сөзінше,  Көкшетауда ұнның бағасы максималды көрсеткішке жетіп, 47 пайызға қымбаттаған. Мәселені шешуде тұрақтандыру қоры да қауқарсыз көрінеді. Мемлекет басшысы бағаны бетімен жіберген үкімет пен жергілікті жердегі шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алып, азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген басшылар енді қызметінен кететінін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу