Азық-түлік бағасының өсу индексі жылдық мәнде 27,3%-ды құрады

830

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин 2025 жылға қарай агроөнеркәсіп кешеніне 4,4 трлн теңге инвестиция тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түлік бағасының өсу индексі жылдық мәнде 27,3%-ды құрады

"Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, қараша айында азық-түлік бағасы индексінің өсуі жылдық мәнде 27,3%-ды құрады. Бұл жағдай әлемдік деңгейде азық-түлік бағасының қымбаттауына себеп болды", – деді Асқар Мамин. 

Бұдан кейін ол сарапшылар 2050 жылға қарай азық-түлікке сұраныс 70%-ға ұлғаятынын жариялағанын жеткізді. 

"Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 934 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде 2025 жылға қарай салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартылады", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу