Азық-түлік бағасының өсуі қазақстандықтардың өмір сапасына қалай әсер етті

756

Ел халқының көпшілігі тәттілерден ішінара немесе толық бас тартқан. Бұл туралы "Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі және бағаның өсуі" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп жазды inbusiness.kz.

Азық-түлік бағасының өсуі қазақстандықтардың өмір сапасына қалай әсер етті

Іс-шара барысында Қазақстанның 14 облысының тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері жарияланды. 

JD EXPERT маркетингтік агенттігінің басшысы Юлия Дмитриеваның айтуынша респонденттердің 99%-ы 2-3 жыл бұрынғымен салыстырғанда азық-түлік құнының 2 есе немесе одан да көп өскенін жеткізген. 

"Сауалнамаға 18-70 жас аралығындағы адамдар қатысқан. Олар соңғы уақытта азық-түлік сатып алуды азайтқандарын айтты. Әсіресе, сұралғандардың 70%-ы тәтті санатындағы өнімдерден, атап айтқанда, торттар, сусындардан ішінара немесе толық бас тартқанын хабарлады. Сонымен қатар олар күнделікті тұтынатын өнімдерді сапасы төмен тауарларға ауыстыра бастаған. Жалпы респонденттердің 41%-ы сапа мен дәмнің нашарлағанын да атап өтті", – деді сарапшы. 

Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, қазақстандықтар жемістер мен көкөністерді тұтынуды азайтқан.  

"Респонденттердің 49%-ы пайдалы өнімдерді сатып алудың төмендеткенін немесе қымбатырақ тауарды неғұрлым қолжетімді тауарға ауыстырғанын жеткізді", – деді маркетингтік агенттік басшысы. 

Айта кететіні, қазіргі кезде қазақстандықтар орта есеппен табысының 50%-ын тамаққа жұсайды. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 18%-дан аспайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу