Азық-түлік дүкенін өртеген адам ұсталды

564

Дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келген.

Азық-түлік дүкенін өртеген адам ұсталды

Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 7 қыркүйек түнгі уақытта орын алған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін қасақана өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Өрт нәтижесінде дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келген.

Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу