Қарағандыда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі облыс бойынша 2017 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 99,7% - ды құрады. Азық-түлік тауарлары бір айда 1,6%-ға арзандады, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 0,4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР ҰЭ министрлігі статистика комитеті.
Азық-түлік тауарларына баға индексінің қалыптасуына ағымдағы жылғы шілдеде жемістер және көкөністердің 6,8%-ға, жұмыртқа - 0,6%-ға, жармалардың – 0,4%-ға төмендегені әсер етті. Шошқа етіне – 1,4%-ға, минералды және ауыз суына - 0,8%-ға, қант пен алкогольді ішімдіктерге -0,7%-ға, шұжық пен сүт өнімдеріне - 0,5%-ға, құс етіне – 0,4%-ға бағаның өсуі белгіленді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында велосипедтерге – 7%-ға, мотоциклдерге - 6%-ға, музыкалық аспаптар, спортқа, туризмге және таза ауадағы демалысқа арналған жабдықтарға – 2,4%-ға, жеке қолданатын электр аспаптарына - 2,2%-ға, автокөліктерге – 1,3%-ға, қол аспаптары мен құрал-саймандарға – 1,2%-ға, киімге -1%-ға бағаның ең жоғары өсуі тіркелді.
Ақылы қызметтерден әуе және автомобиль жолаушылар көлігінің қызметтері – 4,3%-ға және 4,2%-ға тиісінше қымбаттады.