"Азық-түлік, газ қымбаттаса, хабарлаңыз" – Барлық аймақта "жедел желі" іске қосылды

1484

Қазақстанның өңірлерінде ірі сауда желілері мен супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтеріне жоғары баға белгіленгеніне куә болсаңыз, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне хабарласыңыз. 

"Азық-түлік, газ қымбаттаса, хабарлаңыз" – Барлық аймақта "жедел желі" іске қосылды

Агенттік Қазақстанның барлық өңірлерінде "жедел желі" ашылғанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Алматы қаласы мен Алматы облысында тамақ өнімдеріне, газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтеріне бағалардың өсу фактілері бойынша осы өңірлердегі байланыстың тұрақсыздығына байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қауырт желісінің телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өз тарапынан нарық субъектілеріне бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауар өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсімнің – 3%-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5%-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді", – деп хабарлайды агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу