Азық-түлік қаптамасын шығаратын өндіріс ашылды

907

Азық-түлік қаптамасын шығаратын өндіріс ашылды

Ақтөбе облысында азық-түлік қаптамасын шығаратын өндіріс ашылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде "Қаптама индустриясы" ЖШС цехы Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан.  Мұнда жылына  ұн, қант және басқа да жарма өнімдеріне арналған әртүрлі сыйымдылықтағы алты миллион полипропиленді қап жасалатын болады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сай облыста кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес ахуалды жақсартуға байланысты қажетті шаралардың барлығы жасалуда. Бұл шаралар бізге экономикаға инвестицияны көбірек тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасайды. Аталмыш цех импорттың азаюы мәселесінің шешіміне де септігін тигізеді. Жұмыстарыңыз өркендей берсін, табыс тілеймін", - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі бүгінгі күні шамамен 150 миллион теңгені құрады. Өндірісті жүзеге асыруға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында арзандатылған несие бөлінді.

"Біз полипропиленді Павлодардан сатып аламыз. Цехта жабдықтардың толық жиынтығы, сондай-ақ, дайын өнімге тұтынушылардың логотиптері мен эмблемаларын басып шығаруға арналған құралдар бар. Цех өнімдерінің әлеуетті тұтынушыларымен келісімшарттар жасалды", - дейді ЖШС директоры Әбділмәлік Райымбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу