11 мамырда өткен онлайн брифингте Бақтяир Мәкен осылай деп мәлімдеме жасады.
"Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнестің кәсіпорындары сауда және қызмет көрсетумен айналысады. Бұл салада жұмыспен қамтылған халықтың 60 пайызы еңбек етеді. Елорда кәсіпкерлері салық төлеуден босатылды. Ондағы салықтың мөлшері 31 млрд теңге. Эпидемиологиялық жағдай реттелсе, сауда орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер біртіндеп жұмысқа кірісе бастайды", – деді өз сөзінде Бақтияр Мәкен.
Оның айтуынша, алдағы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орны ашылмақ. Осы мақсаттта бюджеттен 61 млрд теңге бөлінген.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу