Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 48-орынға жайғасты

767

Жалпы рейтингіге 113 ел қатысқан. 

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 48-орынға жайғасты

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 113 мемлекеттің ішінде 48-орынға жайғасты. Мұнда еліміздің тамақ өнімдері бойынша индексі 67,3-ті құрады. Бір жыл бұрын еліміз 57-ші сатыда болған, деп хабарлады еnergyprom.kz.

Биыл 9 сатыға жоғарылады. Жалпы индекс мемлекетті тек азаматтардың табысы мен азық-түліктің бағасы бойынша емес, нарықтағы қажетті тамақ өнімдері, олардың сапасы, түрлеріне байланысты 34 талап бойынша саралайды. 

Ал рейтингіде алдыңғы қатарлы 5 елдің ішінде Сингапур, Ирландия, АҚШ, Швейцария және Финляндия бар. 

Көрші мемлекеттер ішінде Ресейдің көрсеткіші бізден жоғары. Ал Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан керісінше елімізден төменірек орналасқан.

2020 жылдың қаңтар-қазанында елімізде 1,6 трлн теңгеге азық-түлік өнімі шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,5%-ға жоғары.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы облысына тиесілі. Мұнда көрсеткіш  26,5%-ға өсіп, 232,6 млрд теңгеге өнім шығарылған. Одан кейінгі орында Костанай облысы (202 млрд теңге, + 27%) және Алматы қаласы (196,5 млрд теңге, + 9,8%).

Қазан айының қорытындысы бойынша өнімдердің бағасы бір айда 0,8%, бір жылда 10,7% өскен. Оның ішінде жұмыртқа – 18,8%, жемістер мен көкөністер – 13%, нан өнімдері – 12%, майлар – 12%, балық – 10,9%, ет және ет өнімдері –9,5%, сүт өнімдері – 9,1%, қант 9,1%-ға қымбаттады.

Тамақ өнімдері тез арада қымбаттаған өңірлер көшін Шымкент, Қызылорда мен Павлодар облыстары бастайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу