Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту керек - Серік Жұманғарин

579

Былтыр елдегі азық-түлік инфляциясының деңгейі 25%-дан асты.  

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту керек - Серік Жұманғарин Фото: egemen.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Серік Жұманғариннің сөзінше, ол үшін бірқатар міндетті шешу қажет.

"Ең әуелі импортты алмастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Біздің міндетіміз – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы басқа өңірлерге ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша СҚО тәжірибесін барынша таратып, осы бағыттағы жұмысты күшейту. Екіншіден, қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету қажет", - деді ол АШМ кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, бұл үшін егіс алқаптарын әртараптандыру, суармалы жерлердің алқаптарын ұлғайту, соның ішінде жоғары рентабельді дақылдарға көшу және асыл тұқымды мал басын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Бұдан бөлек Серік Жұманғарин көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін министрлікке кешенді шараларды қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу