Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 330 мың тоннаға дейін астық сатып алады

699

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 330 мың тоннаға дейін астық сатып алады

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 330 мың тоннаға дейін арпа мен жоғары сапалы бидай сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды корпарацияның баспасөз қызметі.

Жыл сайын корпорация астықты өз қаражаты және сырттан тартылған қаражат есебінен сатып алып жүрді. Биылғы жылы 3-ші класты бидайдың ("қарапайым" бидай деп аталатын) молауыспалы қорларының болуына байланысты, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы компанияның импорттаушылар алдында келісім шарттарды орындау үшін тек арпа мен жоғары сапалы бидай сатып алумен шектелді.

Алайда, ақшалай қаражаттардың болмауынан астық сатып алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта сатып алуды жалғастыру үшін "ҚазАгро" холдингі" АҚ-дан (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы холдингтің еншілес компаниясы болып табылады) қаражат тартылып, сатып алу қайта басталды.

Бүгінгі таңда Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 270 мың тонна астық сатып алды. Бұл көрсеткішті 330 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу