"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 350 мың тонна бидай сатып алды

1628

Мемлекеттік қор үшін алынған бұл астық ұн мен нан өнімдерінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 350 мың тонна бидай сатып алды

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астық қорын сатып алу шараларын аяқтады. Еліміздің арнайы қоймасына 350 мың тонна сатуға арналған бидай жеткізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"28 қазанда "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ бидайды сатып алу бағасын өзгертті. Бұрынғы баға мен жаңа бағаның айырмашылығы сапасына байланысты тоннасына 18 мың теңгеге дейін жоғарылады. Бұл диқандарға астықты тиім шарттармен сатуға мүмкіндік берді",– деді ведомствада. 

Жинақталған астық қоры 2020 жылы қажет болған жағдайда ішкі нарықта ұн мен нан өнімдерінің бағасын бір қалыпта ұстап отыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу