"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ-ға жаңа басшы келді

1355

Басқарма төрағалығына Ринат Ақбердин тағайындалды. 

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ-ға жаңа басшы келді

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы болып Ринат Ақбердин тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен басқарма төрағасы болып Ринат Ақбердин тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ақбердин Ринат Олегович 1979 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Орынбор мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша, Еуропалық университетте (Швейцария, Женева) халықаралық бизнес саласындағы магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді.

Бұл қызметке дейін "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма мүшесі – даму және сату жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу