"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" қызметтік пәтерлерді сатуда

1278

Осылайша ұттық компания өзінің бейінді емес активтерін нарыққа өткізуді және шығындарды оңтайландыруды жүзеге асырмақ.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" қызметтік пәтерлерді сатуда

Бүгін, 9 қаңтарда компания өзіне тиесілі пәтерлердің қайталама электронды аукционын өткізді. Алайда әрбір лот бойынша жалғыз ғана қатысушы қатысқандықтан, аукцион жарамсыз болып танылды. Енді корпорация елді ақпараттандырып, қызметтік пәтерлерін қайта саудаға қоймақ ниетте, деп хабарлайды abctv.kz.

Осының алдында, 2018 жылғы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған бірінші аукцион да қазақстандықтардан өтінімдердің келіп түспеуіне байланысты жарамсыз деп танылған болатын.

Қазақстан заңнамасына сәйкес және айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында аукциондар www.gosreestr.kz интернет-ресурсында – қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімінде өткізіледі.

Жалпы, саудаға корпорация 7 қызметтік пәтерін қоюда: олардың аудандары 26,5 шаршы метрден басталып, 65,5 шаршы метрге дейін барады. Баспаналар ескісі 1960 жылы, ал жаңалары 2006 жылы салынған. Олар бір-үш бөлмелі пәтерлер болып келеді.

Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық аукциондарды өткізу ережесіне сәйкес, осы сайтта тіркелген және мүліктің бастапқы құнының 15% кепілдік жарнасын төлеген барлық жеке және заңды тұлғалар аукционға қатыса алады.

Веб-портал тікелей өтініштер қабылдап, қатысушыны саудаға өткізетіндігін айта кету керек. Бұл ретте, аукционды қорытындылауға дейін оның ұйымдастырушысы ұсынылған өтінімдер мен қатысушылары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, бөлме № 108 (тел. +7 (7172) 591-260) мекен-жайы бойынша хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу