"Азық-түлік келісім шарт корпорациясының" басқарма төрағасы сайланды

1444

Қанат Қарауылов бұған дейін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі лауазымын атқарды.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясының" басқарма төрағасы сайланды

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК"АҚ директорлар кеңесінің 2019 жылғы 18 қазандағы шешімімен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы"ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып Қанат Қарауылов сайланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қарауылов Қанат Серікұлы 1971 жылы 16 ақпанда туған.

Қазақ тұтыну кооперациясы институтын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын "Мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарында ("Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ) басшылық және басқарушылық лауазымдарында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып сайланғанға дейін Қанат Қарауылов "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі лауазымын атқарды.

Айта кетсек, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның негізгі қызметі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және астық экпорттың дамуына жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері– "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу