Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты сатып алу бағасын әлі белгілемеді

304

Форвардтық шарттар аясында сатып алу бағасы 7-10 күн ішінде жарияланатын болады.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты сатып алу бағасын әлі белгілемеді

Бұл туралы деді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол форвардтық шарттар аясында корпорацияның сатып алу бағасы егін жинау кзеңінде анықталатынын еске салды. 

"Жыл сайын корпорация егін жинау жұмыстары 50 пайыз орындалғаннан кейін бағаны жариялайтын. Алайда биылғы ұзаққа созылған нөсер жаңбыр егін жинауды қиындатудағы және Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша негізгі астық егетін өңірлерде егін жинау жұмыстары орташа есеппен 40 пайызды құрады. Осыған байланысты форвардтық шарттар аясында сатып алу бағасы 7-10 күн ішінде жарияланатын болады", - деді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу