"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" бидай бағасын белгіледі

738

Биыл "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізіледі. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" бидай бағасын белгіледі

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен толық есеп айырысу үшін "Азық-түлік корпорациясы" 3 - сыныпты бидай бағасын сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында, 4 - сыныпты бидай бағасын 98 мың, 2 - сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгіледі", – деді министр. 

Оның сөзінше, ұлттық компанияның сатып алу бағасы келісімшарт жасау кезінде қажет. Бекітілген құн әділ баға белгілеуге және астық бағасының күрт ауытқымауына негіз болады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу