Астықтың арзандауына байланысты мемлекет диқандардан 2 млн тонна бидайды сатып алу жөнінде шешім қабылдады. Бұл азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды 24.kz.
Корпорация шаруалардан астықты электронды түрде сатып алатын болды. Яғни диқандар қауымы үшінші сұрыпты бидайды 42 мың теңгеден өткізу үшін интернет желісі арқылы өтініш береді. Жаңа жүйе спутниктік бақылау арқылы агроқұрылымның егіс алқабын анықтап, дәнді дақылдың мөлшерін есептеп береді. Оның барысын арнайы комиссия бақылайды. Бұл шаруалардың уақытын үнемдеп, сауданың ашық өтуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әр облыстың квотасы да белгіленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу