Азық-түлік қымбаттаған

1897

Баға өткен жылмен салыстырғанда, 6 пайызға өскен.

Азық-түлік қымбаттаған

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы артты. Қыркүйектегі деректерге сүйенсек, баға өткен жылғы көрсеткіштен 6 пайызға өскен, деп хабарлайды 24.kz.

Әсіресе алкогольді ішімдіктер – 10,9%, сүт өнімдері – 9,3%, балық және теңіз өнімдері 6,8%-ға қымбаттаған. Кондитерлік өнімдер, тоқаш, қант және макарон өнімдерінде де қымбатшылық байқалады. Ал ет және ет өнімдеріне баға өсімі 6,9%-ды құрады. Атар болсақ, жылқы еті – 9,5%, шұжық өнімдері – 7,5%, сиыр еті – 7,3%, қой еті 5,9%-ға қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу