Азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік инфляция динамикасына кері әсерін тигізіп отыр

593

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев өткен айда сыртқы қаржы мен тауар нарығындағы және ішкі экономикадағы ахуал тұрақты болғанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік инфляция динамикасына кері әсерін тигізіп отыр

"Тұтыну нарығындағы теңгерімсіздік аясында әлемдегі инфляцияның өсуі жалғасып отыр. Әлемдегі жоғары іскерлік белсенділік аясында тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсіміне әсер ететін ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсуде. Нәтижесінде инфляциялық процестер тұтыну нарығында сақталып отырған теңгерімсіздіктер аясында дамыған елдерде, сол сияқты дамушы елдерде де бұрынғысынша жеделдей түсті", – деді Ұлттық банк басшысы.

Айтуына қарағанда, азық-түлік бағасы инфляцияға кері әсер етіп отыр. 

"Тамызда әлемдегі азық-түлік бағасы қайта өсті. ҒАО тізбесіндегі азық-түлік бағасының индексі жылдық көрсеткіште 32,9%-ға ұлғайып, 127,4%-ға жетті. Бұған қант, өсімдік майлары мен дәнді дақыл бағасының айтарлықтай көтерілуі себеп болды", – деді Ерболат Досаев. 

Оның сөзінше, бидай өндірісінің нашарлауы дәнді дақылдардың әлемдік баға индексі 129,8%-ға, өсімдік майларының әлемдік баға индексі 165,7%-ға дейін өсті. 

"Салдарынан қанттың әлемдік баға индексі Бразилиядағы құрғақшылық салдарынан 2017 жылғы ақпаннан бастап ең жоғарғы баға – 120,1%-ға дейін қымбаттады. Азық-түлік нарығында сақталып отырған теңгерімсіздік әлемдегі, тиісінше Қазақстандағы инфляция динамикасына кері әсер етуде", – деп сөзін түйіндеді Ұлттық банк төрағасы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу