Азық-түлік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру басталды

234

Биылға жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 44 млрд теңгені құрайды.  

Азық-түлік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру басталды Фото: aikyn.kz

"Аграрлық несие корпорациясы" азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын ұсыну арқылы кәсіпорындарды қолдау.

Жобадағы ең басты қойылатын талаптардың бірі – шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы керек.

Бағдарламаға ет, сүт, майлы дақылдарды, жүнді өңдеу, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіру сияқты бағыттар бойынша азық-түлік өнімдерін өндіретін немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қатыса алады.

Қаржыландыруды шарттары:

  • Қаржыландыру сомасы – 3 млрд теңгеге дейін (бағытына қарай);
  • Несие мерзімі – 2026 жылдың 10 наурызына дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ жылдық 5%-дан бастап);
  • Кепілмен қамтамасыз ету – Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясатының талаптарына сай келетін мүлік.

Кеңес алу үшін және өтінім беру үшін корпорацияның әр облыстағы филиалына жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу