Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,7 пайызға артты

1712

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $707,1 млн болды.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,7 пайызға артты

Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Осы жылың 11 айында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,7%-ға артып, 1,4 трлн теңгеге жетті.

ҚР АШМ деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұн өндірісі 2,7%-ға, дәнді дақылдар – 17,8%-ға, маргарин – 6,9%, шұжық өнімдері – 0,6%, өнделген сүт – 8%, қатты ірімшік – 15,1%, өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар – 82%, крекер және печенье өндірісінің көлемі 5,1%-ға артқан.

"2018 жылдың қаңтар-маусым айларында еңбек өнімділігі $13,3 мың/адамды құрады. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $707,1 млн болды, өткен кезеңмен салыстырғанда 13%-ға өскен", – деді Арман Евниев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу