Азық-түлік тапшылығы жоқ және күтілмейді – АШМ

1049

Елімізде 1,9 млн тонна өнім қоры бар.

Азық-түлік тапшылығы жоқ және күтілмейді – АШМ

АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы Сауле Жұрынова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірлерде 32 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде министрлік азық-түлік тапшылығы жоқ және күтілмейді деген қорытындыға келген. 

"Өңірлердің жедел деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша республикада 1,9 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде тұрақтандыру қорларында 25,3 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда 1,6 млн тонна, қоймаларда 137 мың тонна, сауда желілерінде 172 мың тонна, бұдан басқа 813, 2 млн дана жұмыртқа және 10,9 млн тонна бидай бар. Қолда бар қорлар тез бұзылатын өнімдер бір аптаға, басқалары бірнеше айға жететінін көрсетеді. Олар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан азық-түлік тапшылығы жоқ және күтілмейді", – деді Сауле Жұрынова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу