Азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша өндірісті ұлғайту қажет

1239

2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.  

Азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша өндірісті ұлғайту қажет

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ішкі нарықты азық-түлікпен қамтуға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Ішкі нарық әлеуметтік маңызы зор 29 түрлі азық-түлік тауарымен қамтылып жатыр. Оның ішінде 12 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100% және одан да көп мөлшерге қамтамасыз етілген. 11 азық-түлік тауары бойынша қамтамасыз ету 80%-дан жоғары. Бұл халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымы – ФАО-ның сыныптамасы бойынша өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз ету деңгейі болып саналады", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша ғана өндірісті ұлғайту және ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыру шараларын іске асыру қажет.

Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық. 

"Министрлік ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасын дайындады. Әрбір бағыт бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы анықталды", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу