Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырудың екі тетігі жүзеге асырылды

484

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырудың екі тетігі жүзеге асырылды

Әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары аясында тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін жүзеге асырды.

Бірінші "тұрақтандыру қорының қызметі" тетігіне сәйкес, 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1,6 млрд тенгеге шамамен 21 228 тонна көлемінде азық-түлік және 2 млн дана жұмыртқа өнімдері сатып алынды. Олар облыс тұрғындарына жеткілікті мөлшерде және қолжетімді бағада ұсынылуда.

Екінші тетік шеңберінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында "Атырау" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жергілікті бюджеттен "айналым схемасы" механизімі шеңберінде 1 млрд 135 млн теңге субсидия берілді.

"Тұрақтандыру қоры негізінде маусымдық уақытта, яғни қыркүйек айынан бастап көкөніс өнімдерін халыққа қолжетімді бағада және жеткілікті көлемде ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар қала және аудандарда сенбі-жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, өнімдер 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Осы жылдың басынан бері 195 жәрмеңке өткізілді", – деді Н.Жаңабеков.

Қазіргі таңда "Идеал Маркет" ЖШС-мен 13 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынып, 52 сауда-саттық нүктелерінде қолжетімді бағада сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу