Азық-түлікке қанша ақша жұмсаймыз?

1264

Қазақстандықтар жалақысының жартысын тамаққа салады. 

Азық-түлікке қанша ақша жұмсаймыз?

РИА Новости агенттік сарапшылары статистика қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып азық-түлік шығыны бойынша Еуропа мемлекеттірінің рейтингін әзірлеген.

"Азық-түлікке ең аз қаржыны Люксембург тұрғындары, ал ең көп Украина халқы жұмсайды. Ал Қазақстан бұл рейтингте 39- орында",-деп жазылған зерттеу қорытындысында. 

Яғни Люксембург халқы отбасылық бюджеттерінің тек 8,4%-ын тамаққа жаратады. Ал Нидерланд пен Ұлыбритания 10,6%-ын, Ирландия 11,5%, Финляндия тұрғындары бұл мақсатта жалақыларының 11,7%-ын азық-түлікке жұмсайды. Ал тізімнің соңында тұрған Украина халқы отбасылық бюджеттерінің дәл жартысын, қазақстандықтар 47,6%-ын жаратады. 

Сонымен қатар сарапшылар Еуропа тұрғындары мәдени шаралар мен бос уақыттарын өткізуге қанша шығын шығаратындарын есепеген. Бұл тізімде Швеция (18,7%), Ұлыбритания (13%) мен Аустрия (11,5%) көш бастап тұр. Ал қазақстандықтар мәдени шаралар мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға отбасылық бюджеттерінің тек 1,8%-ын жұмсайтыны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу