Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,5 пайызға қымбаттаған

912

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар  6,5 пайызға қымбаттаған

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы қазанда инфляция 0,4%, жылдың басынан бері – 3,7% болды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Жылдық инфляция 5,3% деңгейінде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр.

Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 4,7% және 4,8%-ға өсті. 

2018 жылғы қазанда халықтың инфляциялық күтулері аздап төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы нақты инфляциядан жоғары бола тұра 6,3% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу