Азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары өзгереді

808

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бейбіт уақытта азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары өзгереді

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, жаңа редакцияда әскери қызметшілер жол жүру барысында, далалық жағдайларда, оқу-жаттығуларда, маневрлерде, полигондарда, әскери бөлімнен бөлек орналасқан бөлімшелерде, дүлей зілзалалар мен апаттар аудандарында, төтенше жағдайлар кезінде, қарулы қақтығыстар кезінде, бітімгершілік операцияларында ғана емес, сондай-ақ стационарлық жағдайларда (асханаларда, тамақтану пункттерінде) жеке тамақтану рационымен қамтамасыз етілетіні жан-жақты көрсетілген.

Сонымен қатар жаңарту жоспарына сәйкес, белгіленген кезеңде негізгі рацион өнімдерін ыстық тамақпен алмастырып беру қарастырылған.

Одан өзге де, ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге байланысты үлес нормаларының атауына редакциялық түзетулер енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен 2021 жылғы 9 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу