Азық-түліктен басқа тауарлардың экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

853

Үкімет басшысы Асқар Мамин ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түліктен басқа тауарлардың экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

Премьер-министрдің айтуынша, бұл шара  инфляция деңгейін тежеу барысында, қажет болған жағдайда азық-түліктен басқа тауарларға қолданылуы ықтимал. 

"Тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізілуі мүмкін", – деді Асқар Мамин. 

Оның сөзінше, шара шеңберінде медициналық қызметтердің кешенді тарифтерін және бірқатар медициналық тауарлардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі. 

"Ақша-кредит саясаты аясында инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлемін бақылауды күшейту жолымен іске асыруға назар аударылады. Бұл шаралардың барлығы жыл соңына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді", – деді премьер-министр.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу