Азық-түліктің әлемдік құны 12 айда алғаш рет арзандады

677

Астық бағасының индексі 2,6%-ға, сүт өнімдерінікі 1%-ға төмендеді.  

Азық-түліктің әлемдік құны 12 айда алғаш рет арзандады

Азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы 12 айда алғаш рет төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының дерегіне сілтеме жасап. FAO-ның азық-түлік бағалары индексінің орташа мәні өткен айда 124,6 тармаққа жетті, бұл мамыр айымен салыстырғанда 2,5%-ға төмен, бірақ 2020 жылдың көрсеткішінен 34%-ға жоғары.

FAO-ның өсімдік майы бағасының индексі маусым айында 9,8%-ға төмендеп, 4 айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұған пальма, соя және күнбағыс майларының арзандауы себеп болған.

Астық бағасының индексі 2,6%-ға, сүт өнімдерінікі 1%-ға төмендеді.  Қант бағасыныкі өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға, ал еттікі 2,1% - ға өсті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу