Б.Ақшолақов: Риддерде жылу беру мәселесі толық шешілмеді

465

Риддердегі жылу беру мәселесі толық шешілген жоқ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жағдайды ауыр деп бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Б.Ақшолақов: Риддерде жылу беру мәселесі толық шешілмеді

Министрдің сөзінше, қазір үш қазандық жұмыс істеп тұр. Оның күші әлсіз әрине. Негізгі алтыншы қазандық кеше іске қосылды. Бірақ түн ішінде қайтадан өшіруге тура келген. Қазір ол суытылып жатыр. Кейін нысан тексеріледі. Апат салдары мен сипатын түсіну үшін уақыт керек. Әзірге белгілісі, нысан толық ескірген.

"№6 қазандықтан тағы ақауды жою үшін уақыт қажет. Мұның бәрі жабдықтардың тозуымен байланысты. Негізгі сұрақ басшылыққа емес, стансаның меншік иесіне қойылғаны жөн сияқты. Біз қазір сонымен айналысып жатырмыз. Бұл заңға қатысты мәселе. Қазір ең бастысы – температураны көтеру", - деді Болат Ақшолақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу