Бақытгүл Хаменоваға қатысты кезекті сот отырысы 14 қарашада өтеді

420

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада қайта жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты кезекті сот отырысы 14 қарашада өтеді Фото: azh.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы биыл 11 тамызда басталған болатын. Оның ісін Атыраудағы №2 қалалық сот қарап жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен "Б" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Ал, кеше 31 қазанда өткен сот отырысында прокуроратура өкілі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және "Құрмет" орденінен айыруды ұсынды.

Сондай-ақ облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевты 7 жылға, пара беру күдігіне ілінген Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың адвокаттары прокуратура өкілінің айыбымен келіспейтінін айтты.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылғы наурызда тағайындалған еді. Былтыр желтоқсанда ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Осыған байланысты биыл тамызда облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу