Б.Сағынтаев: 2016 жылдың 11 айы бойынша ЖІӨ өсімі 0,8 пайызды құрады

876

Б.Сағынтаев: 2016 жылдың 11 айы бойынша ЖІӨ өсімі 0,8 пайызды құрады

Қазақстанда 2016 жылдың 11 айы бойынша ЖІӨ өсімі 0,8 пайызды құрады, деді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

"Үкімет  отырысының мәселелері – елдің  әлеуметтік-экономикалық  қорытындысы мен  мемлекеттік бюджетті қолдану.  Статистикалық мәліметтерге сәйкес,  нәтиже жаман емес.  11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі  0,8 пайызды құрады. Қазір резервтерді пайдалана отырып, біз әкімдермен, компания жетекшілерімен  сөйлестік,  ЖІӨ  өсімін 1 пайызбен аяқтай аламыз. Осы бағытта бар күшімізді қолдануымыз керек", – деді Б.Сағынтаев.

Экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтып өткендей,  елде іскерлік және  инвестициялық белсенділік сақталып отыр.

"Биылғы жылдың  қаңтар-желтоқсанында экономика  өсімінің  0,8 пайызға өсуі қарастырылған,  ол қаңтар-қазан  айларына қарағанда  0,2 пайызға жоғары.  Тауарлардың өндіріс өсімі 0,9 пайызды, қызмет көрсету-0,6 пайызды,  азық-түлік салығы – 2,4 пайызды құрады. Аталмыш оң әдіс  бағдарламаларды жүзеге асыру мен экономиканы әртараптандыру,  инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту, агроөндірістік кешен мен жұмыспен қамтуды  жүзеге асырудан  қалыптасып отыр. Елде  іскерлік және  инвестициялық белсенділік сақталып отыр", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу