Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-Министріне хат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Экологтармен жиі кездесемін. Көкжайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым", – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.