Б. Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды

1023

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әуежайында болған АН-26 ұшағы құлаған жерге барды. 

Б. Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды

Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz .

"АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", — деп жазды Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17:22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Төртеуі қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу